Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Биыл шетелден 3 мыңнан астам қазақ атажұртына оралған

20.10.2015

Биыл шетелден 3 мыңнан астам қазақ атажұртына оралған

     1 қазандағы мәліметтер бойынша биылғы жылдың басынан бастап тарихи отанына 3012 этникалық қазақ оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алды,-деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

      Отанына оралған қандастарымыздың басым көпшілігі Жамбыл облысында – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысы – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысы – 108 отбасы (487 адам), сондай-ақ, өзге де аймақтарға қоныстанған. 
     Олардың көпшілігі Өзбекстаннан - 78,6%, 6,7% - Түркменстаннан, 6% - Қытайдан, 3,1% - Моңғолиядан, 5,6 % - басқа аймақтардан келген.
      Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші - 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар - 32,5%, зейнеткерлер - 6,3%-ді құрап отыр. 
        Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6%-ы жалпы орта білімді, 32,8%-орта арнаулы, 15,4% - жоғарғы білімді, 2,1%-нің білімі жоқ.
       Естеріңізге сала кетейік, 1991 мен 2014 жылдар аралығында Қазақстанға 259 мың 159 отбасы болмаса 952 мың 882 этникалық қазақтар қайта келіп, оралман мәртебесін алған болатын. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрады. 
          Қазіргі таңда ҚР Парламенті Елбасының 2014 жылғы 4 мамырдағы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарастыруда. 
     Этникалық қазақтарды өз тарихи отанына оралуға ынталандыру мақсатында Заң жобасы келесі мәселелерді қарастырады: 
       - этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі;
       - этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған.
      - оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті