Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркияда әлеуметтік желі пайдаланушылары Исламбек Қуатты ұлттық батырларына теңеп жатыр

21.10.2015

Түркияда әлеуметтік желі пайдаланушылары Исламбек Қуатты ұлттық батырларына теңеп жатыр

   
       2016 жылғы Еуропа чемпионатының топтық іріктеу турнирі аясында футболдан Қазақстан мен Латвия құрамалары кездесіп, жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жеткені мәлім. Бұл жеңіс Түркия құрамасына да қосымша ұпай сыйлап, олар «Еуропа чемпионаты-2016» додасының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.

       Өз кезегінде Түркия құрамасы іріктеу турнирінің соңғы ойынында Исландия құрамасын 1-0 есебімен жеңіп, үздік үш команданың соңғысы ретінде (Исландия мен Чехиядан кейін) Еуропа чемпионатында ойнау құқығын алған-ды. Олар «А» тобында 18 ұпай олжалан болатын.

      Бұл елдің құрамасы өз тарихында төртінші мәрте Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып отыр, бұған дейін 1996, 2000 және 2008 жылдары өз тобынан шыққан еді.

      Жанкүйерлер өз елінің құрамасының финалдық кезеңге шығуына себепкер болған Исламбек Қуатқа шексіз риза болғаны соншалық, оған «Түркияның ұлттық батыры» атағын беру туралы ұсыныстар білдірген. Ал әлеуметтік желі пайдаланушылары сезімге толы ризашылықтарын жолдаған.

     Исламбек Қуаттың бұл голы оны Түркияда танымал етіп жіберді. Тек «Гугл» іздеуші жүйесінде оның есімі 1 млн. 200 мың рет терілген.

      Бұл елде депутаттар да ұлттық құраманың жанкүйерлері болып табылады. Осы орайда Түркия Парламентінің депутаттары алғыс білдіруді жөн деп тапқан. Сол себеппен қазіргі билеуші Даму және әділдік партиясының депутаты Махмут Маллы Түркиядағы Қазақстан Елшілігіне арнайы барып, елші Жансейіт Түймебаевпен кездесті.

      Елшілік арқылы депутат Исламбек Қуатқа алғыс хат және «Бешикташ» командасының формасын естелік ретінде жолдады. Бұл сыйлық қазақстандық футболшы үшін қайталанбас құрмет болып саналады, себебі ол өзінің сұхбаттарының бірінде сүйікті командаларының бірі ретінде түріктің дәл осы «Бешикташ» командасын атап өткен.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2830470

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті