Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстандық сарбаз ғаламшардың үздік спортшысы атанды

21.10.2015

Қазақстандық сарбаз ғаламшардың үздік спортшысы атанды


       Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардың үздік спортшысы екенін жария етті. 

     Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді. 58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испандық Жезус Тортос Кабреромен айқаста жеңіске жетіп, әлемнің 30 мықты таэквондошысы арасындағы абсолюттік чемпион атанды.   

    «Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеңістерімен өзінің шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғары өрлеуде. Соңғы уақыттың ішінде қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеңіп алды. Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер болып табылады», - деп атап өтті таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Әнуар Үсенов.  

     Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердің Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және  VI Дүниежүзілік армия ойындарының жеңімпазы (2015), бірнеше дүркін жеңімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердің жүлдегері.  Ол ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының дарынды спортшыларының бірі. Оған отандық әскери спортты дамытуда ерекше үміт артылып отыр, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.  

      http://www.inform.kz/kaz/article/2830432

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті