Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қазақша-түрікше тілашар» Еуропадағы қазақтардың анатілге деген қызығушылығын оятуда

21.10.2015

«Қазақша-түрікше тілашар» Еуропадағы қазақтардың анатілге деген қызығушылығын оятуда

       Қазақ тілін үйренгісі келген түріктерге арналып жазылған «Қазақша-түрікше тілашар» кітабы қазіргі таңда Еуропада тұратын қазақ ағайындардың да қызығушылығын тудырып отыр.  

      15 мыңдай жиі қолданылатын сөз бен сөз тіркестерін қамтыған кітапты туризм саласының жас маманы, бүгінде «Alan Engineering KZ» құрылыс компаниясын басқарып отырған іскер азамат Жәнібек Үсенбеков құрастырған. Біз Жәнібектен бұл кітаптың тек түріктердің ғана емес кәрі құрлықтағы ағайынның қазақ тілін үйренудегі қолайлы құралына айналуының себебін сұрағанымызда ол латын әліпбиін қоса қолданғандығын айтты. 
     «2008 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде туризм мамандығын оқи жүріп түрік тілін үйренуді бастадым. Сол кезде қазақша-түрікше оқу құралының тапшылығын сезіндім. Өзім 15 жыл бойы орыс тілінде оқысам да, қазақ болған соң ана тілімді жетік білемін. Оқуым біткен соң құрылыс саласы бойынша Қазақстанда да, Түркияда да жұмыс жасадым. Әсіресе, Қазақстанда түріктердің құрылыс компаниялары көптеп жұмыс істейді. Сондағы достарым қазақ тілін үйренгісі келетінін, түрікше-қазақша оқу құралдарының жоқ екенін және кирилл әріптерін үйрену үшін де қиналатындықтарын айтты. Сөйтіп, бұрыннан зерттеп, жинап жүрген материалдарыма негізделіп осы кітапты құрастыра бастадым. Кітапқа кирилл және латын алфавитін тең қолдандым. Ондағы мақсатым, біріншіден – латын әліпбиін қолданатын өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін тез меңгеруіне қолайлылқ жарату болса, екінші жағынан латын қарпін біртіндеп қолдануға үлес қосу болды»,-дейді Жәнібек Ұлықбекұлы. 
     Тек латын әріптерімен білім алған Еуропадағы қазақ жастары үшін де бұл кітаптың таптырмас оқу құралы болғанға ұқсайды. Өйткені, кеше ғана осы оқулықты қолына түсірген Лондондағы Қазақ қоғамының төрағасы Исмайыл Кесіжи кітапқа ерекше көңілі толып отырғандығын айтып, қоғамның ашқан қазақ тілі курсында оқулық ретінде пайдаланбақшы екендігін жеткізді. 
       Жәнібектің айтуынша, бұл кітапты іздейтіндердің қатары күн санап артып отыр екен. Сол үшін де автор алдағы уақытта «тілашарды» толықтырып жазып, қайтадан баспадан шығаруды көздеп отырыпты.

        BAQ.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті