Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | VI халықаралық Түркология конгресі өтеді

21.10.2015

VI халықаралық Түркология конгресі өтеді

     23-24 қазан күндері Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде VI халықаралық Түркология конгресі өтеді,-деп хабарлайды аталған университеттің баспасөз қызметі.  

   Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде Ақордада өткен Түркі Кеңесінің V отырысында ғылым, білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға назар аударылды. Сондай-ақ, Түркі әлемінің мәдени-ақпараттық даму стратегиясын іске асыратын беделді орталық құру мүмкіндігін зерттеуді ұсынған болатын. Осы ретте, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Түркі әлемінің білім кеңістігін қалыптастыруды жеделдету үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін түркі әлемінің ортақ оқу орнына айналдыру мәселесін атап өткені белгілі. Осы ретте Ахмет Ясауи университеті түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағына арналған түрлі шаралардың ұйытқысы болып келе жатыр. 
     Осымен 6 рет өткелі отырған «Түркі тілдерінің тарихындағы аударма мәселесі» тақырыбындағы конгресс түркі тілдеріндегі тәржіма мәселесінде өткелі отыр. Конгреске 100 тарта ғалымдар АҚШ, Германия, Кипр, Түркия, Босния, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, ғылыми жиынға шет мемлекеттерден және елімізден белгілі қоғам қайраткерлері құрметті қонақ ретінде қатысады. Олар: Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлы, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Абжанов Хангелді Махмутович, Халық жазушысы, ақын Шаханов Мұхтар Шаханұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымы Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Миннегулов Хатип Юсупович, Башқұртстан Мемлекеттік университетінен Идельбаев Мирас Хамзоевич, Хакас мемлекеттік университетінен Бутанаев Виктор Яковлевич, К.Бехзада атындағы Дизайн және көркем сурет институтынан Назаров Насриддин Атакулович, Баласағун атындағы Қырғыз мемлекет университеті ғалымы Мұсаев Сыртбай Мусаевич, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Артықбаев Жамбыл Омарұлы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Малбақов Мырзаберген Малбақұлы, Өзбекстан Ғылымдар Академиясы Қарақалпақстан бөлімінің ғылыми қызметкері, Ф.ғ.д., профессор Бахадырова Сарыгүл.
      Ғалымдар басқосуында негізгі мәселе ретінде талқыланатын – аударма, түркі тілдері тарихының ең негізгі салаларының бірі болып саналады. 
       Орхон жазбаларынан, тіпті біздің дәуірімізге дейінгі кезеңдерден бастап түркі тілдері төрт тарапқа – солтүстікке, оңтүстікке, шығысқа және батысқа – тарала бастаған. Сонымен бірге қытай, грек, славян, араб және парсы тілідерімен үздіксіз қарым-қатынаста жасасып келеді. 
     Түркілер тарихи шежіресінде шамандық, иудалық, христиандық, будда және ислам дінінің кейбіріне тікелей табынса, енді бірін кейін қабылдаған. 
       Соңғы мың жыл ішінде түркі халықтарының әртүрлі тілдермен, мәдениеттермен қарым-қатынасының нәтижесінде және түркі тілдеріне аударылған әртүрлі жазба мұралардың әсерінен түркі тілдеріндегі фонетика, морфология, синтаксис салалары әр қилы өзгерістерге ұшырады. Бұл конгресте аударма мәселесін жан-жақты қарастыру мақсат етіліп отыр. 

        BAQ.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті