Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстандық студенттер Түркияда өткен американдық футбол додасына қатысты

22.10.2015

Қазақстандық студенттер Түркияда өткен американдық футбол додасына қатысты

 
     Түркияның бас қаласы Анкарада Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) және түрік «Хаджеттепе» университеті командалары арасында достық жарыс өтті, деп хабарлайды Түркиядағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.

      «ҚМЭБИ титандары» командасының қарсылас-достарымен кездесулері Орталық Азия, Еуропа және басқа да өңірлерінің әр түрлі елдерінде дәстүрлі ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолы достық кездесу Түркияда өтті. «Титандарға» қарсы ойында түрік тарапының намысын түрік «Хаджеттепе» университетінің командасы қорғауға шықты.

      Ойынның бірінші айналымында екі команда да өз пайдасына бірде-бір ұпай ала алмады. Есеп тек ойынның екінші жартысында ашылды. Нәтижесінде жарыс 6:8 есебімен түрік командасының пайдасына аяқталды.

      Қазақстанның американдық футболында осындай түрлі достық додалар біртіндеп-біртіндеп жанкүйерлер қатарын өсіре отырып, символикалық оқиғалар ретінде қала беруде.

    Стадион трибуналары түрік жанкүйерлермен қоса, қазақстандықтарға да толы болды. Жанкүйерлер қатарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің дипломаттары мен Түркияда оқып жүрген Қазақстанның студент-азаматтары да толықтырды.       

null

    Екі бауырлас ел университеттері командаларының достық кездесуі екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық және спорттық байланыстарының дамуына нақты үлес қосты. Бұл кездесу екі ел университеттері арасындағы байланыстарының деңгейін де көрсетті.

     «ҚМЭБИ титандары» командасы 2003 жылы ҚМЭБИ университетінің базасында 1-ші курс студенті Петр Дзюбаның ұсынысымен құрылған болатын. Керекті жабдықтар мен киім-кешектер, форма, ойын алаңы және т.б. университет тарапынан берілді.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2830874

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті