Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай өткен халықаралық айтыста бас жүлдені Жандарбек Бұлғақов иеленді

22.10.2015

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай өткен халықаралық айтыста бас жүлдені Жандарбек Бұлғақов иеленді

       
      Халық ақыны Сүйінбай Аронұлының 4 күнге созылатын 200 жылдық мерейтойы бүгін Талдықорған қаласында «Сөздің пірі - Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысымен басталды. 

    Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев жиналған қауымды тойдың басталуымен құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі. Б.Өнербаев айтыстың ардагері Надежда Лушниковаға шапан жапса, ақын апа тойға жырдан шашу шашты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

      Айтысқа Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов сынды еліміздің саңлақтарымен қатар Қырғызстан, Монғолия, Қытай Халық Республикасынан ақындар қатысты.

       Жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сөз сайысына баға берді.

      Ақындар айтыс барысында елдік мақсат-мұраттарды, Сүйінбай ақынның мәңгілік мұрасын, елдің береке-бірлігін асқақтата жырлады.

      Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлдеге жетісулық Жандарбек Бұлғақов ие болып, жеңіл автокөліктің кілтін алды. Ал бірінші орын астаналық Сырым Әуезханға (1 млн. теңге), екінші орын Айнұр Тұрсынбаеваға (700 мың теңге), қос үшінші орын Аягөз Серікқызы мен Қытай елінен келген Арзыгүл Қайымбекқызына (әрқайсысына 500 мың теңгеден) беріліп, жүлдегерлер мен басқа да арнайы сыйлық иелеріне қаржылай сый-сияпат ұсынылды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті