Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері моңғол тіліне аударылды

22.10.2015

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері моңғол тіліне аударылды

223f5c99d8c49def32f1af18c7c71baa.jpg

        Қазақ халқының ұлы ақыны, қысқа ғұмырында өлмес мұра қалдырып кеткен сыршыл лирик Мұқағали  Сүлейменұлы Мақатаев Отан, туған ел, туған жер тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, адамдар арманы, махаббат тақырыптарында  жырлап өтті. 

     Ол қазақ әдебиетінен өзіндік дара орын алған, қазақ халқының әр кезеңде басынан өткен тарихын, жан дүниесін тереңнен толғайтын, шығармаларында махаббат, сүйіспеншілік тақырыптары ерекше орын алатын. Поэзия ғана емес аударма саласында да өзінің қолтаңбасын қалдырған тұла дарын иесі.

       Ақиық ақынның “Жылап қайттым өмірдің базарынан”, “Аманат” атты жыр жинақтарын Моңғолияға еңбек сіңірген мәдениет қайраткер, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты, ақын, аудармашы Б.Монголхүүдің моңғол тіліне тәржімалауы ежелден қоныстас, тағдырлас, отандас моңғол оқырмандарына оның талант дарыны, поэзиядағы дарашылдығын таныту, дәріптеу болып табылары сөзсіз.

       Мың жылда бір туылатын қазақ халқының ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқыған моңғол оқырмандары Моңғолияның ұлы ақыны Р.Чойномның өлеңдерін оқығандай әсер алып, сүйсіне оқиды дегенге сенеміз.

      Жанерке Ташкенқызы

         http://kaznews.mn/news.php?mid=2&nid=399

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті