Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан мен Беларусь киногерлері партизан Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреді

22.10.2015

Қазақстан мен Беларусь киногерлері партизан Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреді

    
        Қазақстан мен Беларусь киногерлері партизан Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің 10-шы форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген еліміздің Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. 

      «Біз форум аясында маңызды келісімдерге қол қоямыз. Мәселен, 2016 жылы Беларусь Республикасымен бірлесіп, партизан, Қазақстанның көрнекті қайраткері Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреміз. Ол сонау қиын-қыстау 40-шы жылдарда Беларусьта партизан болған еді», - деді министр.

      А.Мұхамедиұлы бүгінгі шараның маңыздылығына да тоқталып, мұндай басқосуларда ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері бірлесе атқаратын негізгі бағыттар айқындалатындығын айтты. 
    «Біз қазір форум аясында әр мемлекетпен жеке-жеке меморандум рәсімдейміз. Өйткені, атқаратын істің барлығын бірлесіп жасауға тиіспіз», - деді ол.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2831153

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті