Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда исламдық әлеуметтік қаржыландыру бойынша семинар өтеді

27.10.2015

Алматыда исламдық әлеуметтік қаржыландыру бойынша семинар өтеді

     Алматы қаласында 12-13 қараша күндері исламдық әлеуметтік қаржыландыру бойынша халықаралық семинар өтеді. Ұымдастырушылар – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және Ислам Даму Банкінің мүше елдері ұлттық даму қаржы институттары қауымдастығы (ADFIMI).

     Семинарға исламдық қаржыландыру мен микроқаржыландыру саласының, оның ішінде Ислам Даму Банкінің қызметкерлері, беделді халықаралық және қазақстандық сарапшы-практиктер қатысады. Іс-шара қаржылық және микроқаржылық ұйымдар, банк саласы мен сақтандыру компаниялар өкілдерін оқытуға бағытталған.

     Семинарға қатысушылар исламдық этикалық микроқаржыландыру тұжырымдамасымен, оны Қазақстандағы нақты жағдайға бейімдеу технологияларымен, микро-такафул исламдық сақтандыру жүйесімен (табыстары төмен адамдарды сақтандыру) танысады. Сонымен қатар, семинарда заманауи бизнес-практика мен шариат негізіндегі әлеуметтік микроқаржыландырудың қиындықтары, кедергілері мен мүмкіндіктері, кедейшілікті төмендету мен тұрақты даму мәселелері талқыланады. 

     Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2012 жылы Ислам Даму Банкі бөлген қаржыға Қазақстанда жекелеп исламдық қаржыландыруды бастады. Ол үшін исламдық қағидаттар негізінде әдістеме әзірленіп, қызметкерлер оқытылды және жаңа несиелеу бағдарламалары бекітілді.

      Қазіргі таңда «Мурабаха» бағдарламасының аясында Қор 3,2 млрд. теңгеге 1000 жуық жобаны қаржыландырды. Исламдық шағын несиелерді ең белсенді болып Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының тұрғындары пайдаланады. Қаржының негізгі бөлігі ауылшаруашылық техника мен мал, автокөлік, құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті