Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алғаш рет қыздар еліміздің 26 жоғары оқу орнының әскери кафедрасында білім алады

27.10.2015

Алғаш рет қыздар еліміздің 26 жоғары оқу орнының әскери кафедрасында білім алады

      Осы жылы алғаш рет Қазақстанның 26 жоғары оқу орнының әскери кафедрасы негізінде қыздарды оқытып-үйрету жүзеге асырылады. Дайындық екі әскери мамандық бойынша жүргізіледі. Ол: байланыс бөлімшелерін қолдану (әскери байланысшылар), автоматтандырылған қауіпсіздік жүйелерін қолдану (есептеуіш техника құралдарының объектілері мен басқару жүйелерін автобасқаруға арналған мамандар). 

      ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінде атап өткендей, әскери кафедраға түсу үшін қыздарға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы нормативтері мен психологиялық тестілеуді тапсыру қажет. Осылайша, қыздар жігіттермен қатар өздерінің негізгі біліміне қосымша әскери мамандық бойынша білім алуларына мүмкіндіктері бар, ал Қарулы Күштері өз кезегінде, қосымша дайындалған жұмылдырылған ресурс ала алады. 
      Әскери кафедрада теориялық сабақтар практикалық оқытып-үйретумен аяқталады. Оқып-үйренушілер Қарулы Күштердің әскери бөлімдері базасында дайындықтан өтеді, далалық жағдайларда алған білімдерін қолдануды үйренеді. Оқу аяқталысымен барлық оқып-үйренушілерге «лейтенант» офицерлік әскери атағы беріледі. Олар жоғары білімі туралы дипломмен бірге запастағы офицердің әскери билетін алады және автоматты түрде жұмылдырылған резервке енгізіледі.  

       BAQ.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті