Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Финляндияда бильярдтың «Динамикалық пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтті

27.10.2015

Финляндияда бильярдтың «Динамикалық пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтті

      Финляндияның Иматра қаласында 21-25 қазан күндері ерлер мен әйелдер арасында бильярд спортының «Динамикалық пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтті. Оған ерлер арасында жарыс қожайындарынан басқа Армения, Беларусь, Белгия, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова,  Польша, Ресей, Эстония, Украина, Чехия  елдерінен 61 тастаяқшы қатысты.  

     Аса тартысты өткен бұл дүбірлі додада бішкектік Дастан Лепшаков (Қырғызстан) чемпион атанды.  Оған ақтық сында 1:7 есебімен ұтылған минскілік Евгения Салтавский (Беларусь) күміс жүлдегер, Дондағы Ростов пен Кемеровадан келген Никита Ливада мен Андрей Фрейзе (Ресей) қола жүлденің иесі атанды. Ал Қазақстан намысын қорғаған қарағандылық Әлібек Омаров – 7,  алматылық Дәурен Орынбаев – 8 , Арби Муциев пен Әлихан Қаранееев 11-12 орындарды қанағат тұтты.

     Е.Салтавский ширек финалда Ә.Омаровты 7:1, А.Фрейзе Д.Орынбаевты 7:5 есебімен ұтқан болатын.

   Ал әйелдер арасында бәсекеде Беларусь, Болгария, Қазақстан, Латвия, Польша, Ресей, Украина, Эстония, Финляндия мемлекеттерінен 26 спортшы  бақ сынаған болатын. 1-4 орынды ресейлік Диана Миранова, Татьяна Максимова, Наталия Корнева мен украиналық Анастасия Ковальчук өзара бөлісті. Қазақстан намысын қорғаған астаналық Ақерке Ушакова 12-орынды иеленді.

     1/8 финалда спорт шебері А.Ушакованың жолын   кескен Ресейдің халықаралық дәрежедегі спрорт шебері Полина Ярошевич ширек финалда өз отандасы Т.Максимоваға 1:5 есебімен ойсырай ұтылды.


Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті