Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қобыланды батыр» мен «Қыз Жібек» түрік тілінде жарыққа шықты

29.10.2015

«Қобыланды батыр» мен «Қыз Жібек» түрік тілінде жарыққа шықты

аудармашы

       Таяуда Алматыдағы Достық үйінде халықаралық Қазақ тілі қоғамының ұйымдас-тыруымен «Жыраулық дәстүрдің тарихы, мектептері, орындаушылық ерек­шеліктері, шығармашылық түрлері және бүгінгі жай-күйі» атты дөң­гелек үстел ұйымдас-тырылды. Ша­раны академик Ө.Айтбайұлы құт­тықтау сөзбен ашты.

      Сөз кезегін шығыстану фа­­куль­­теті, ТҮРКСОЙ кафе­дра­сының мең­герушісі, профессор Асқар Тұрғанбаев алды. Ол өзі басқарып отырған кафедраның жетістіктері туралы баяндай келе, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан 2015 жылы Анкарада жарияланған қазақ­тың «Қыз Жібек» дастанының түрік тіліндегі жарияланымы туралы, қазақи дастандық өнері мен түркі халықтарының жыраулық, жыр және ақындық өнері туралы баяндап өтті. Доцент Ерғали Есбосынов та «Қобыланды батыр дастанының» аудармасын жасап, оның Анкарада түрік тілінде шыққанын атап өтті. «Қобыланды батыр» дас­танының Түркияның Ардахан университетінің «Ма­нас. Ма­насшылардың қазіргі ізба­сар­лары: ақын мен жыраулар, озан мен кайчы, ашыклар» атты халықаралық ғылыми жобасы грантына жарияланғандығын хабарлады. Бұл екі жарияланым да кафедраның оқытушы-про­фессор құрамының үнемі назарында болғандығын, тәр­жімешілерге үнемі кеңес-көмек беріліп отырғандығына рахметін айтты. Сондықтан да екі кітаптың кафедра өмірі мен оқытушы-профессорлық құрамының ортақ қуанышы, еңбегі екендігін атап өтті.

      Сөз кезегі аудармашы Ерға­ли Есбосыновқа берілді. Ол аталмыш ғылыми жобаның қа­­шан басталғандығы, қа­шан аяқ­талатындығы және қа­тысушылар құрамымен қыс­қаша таныс­тырып өтті. Жоба жетекшісі Түр­­киядан про­фессор Эрдоған Алтынкайнак, Абдул­лах Елжан, Қазақстаннан Ер­ғали Есбосынов, Ресейден Дми­­трий Васильев, Якут-Са­ха Республикасы атынан Фа­тих Каракоч, Тува Рес­пуб­ли­касынан Алина Кара-Сал, Қырғыз Республикасынан Сү­леймен Қайыповтың бар екенін атап өтті.

        Дөңгелек үстелге қаты­су­шы құр­метті делегаттар ара­сында Кипр­дегі Гирне-Аме­рика университеттері кон­цор­циумының президенті профессор Серхат Ак­пынар, Корея Рес­­публика­сын­дағы Ханкук уни­­верситетінің Орталық Азия кафе­драсының до­центі профессор Әлия Құрыш­жанова мен шетелдің бір­қатар жоғар­ы оқу орындарының өкіл­дері мен ға­лымдары қатысты.

         Гүлжамал ҚОРТАБАЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының доценті.

     http://egemen.kz/2015/10/29/4428

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті