Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әлібек Асқаров Халықаралық Жазушылар одағының «Ұлт мақтанышы» төсбелгісімен марапатталды

02.11.2015

Әлібек Асқаров Халықаралық Жазушылар одағының «Ұлт мақтанышы» төсбелгісімен марапатталды

      Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасының  бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әлібек Асқаровқа БҰҰ аясында құрылған Халықаралық Жазушылар одағының «Ұлт мақтанышы» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат қаламгерге «Социализм әңгімелері» мен «Әйел парасаты» топтамалары үшін беріліп отыр.

     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмысына белсенді түрде атсалысып, әрдайым рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жүрген қайраткерді «Ұлт мақтанышы» төсбелгісімен  марапатталуымен  біз де шын жүректен құттықтаймыз. 

         Жалпы бүгінгі таңда 30-дан астам кітаптың авторы атанған Ә.Асқаровтың «Социализм әңгімелері» мен «Әйел парасаты» топтамалары әдебиет қайраткерлері тарапынан жоғары бағаланған болатын. Мәселен, жазушы Төлен Әбдіков:  «Бұл топтамадағы әңгімелер өзінің шынайылығымен, шыншылдығымен, өткір әзілімене, стильдік тазалығымен, тілінің айшықтығымен айрықша көзге түседі».  Мәдениеттанушы Әмірхан Меңдеке: «Социализим әңгімелері» топтамасының көлемі шағын. Бірақ олардың көтерген жүгі атан түйе тарта алмастай аса салмақты». Академик Сейіт Қасқабасов: «Әйел парасаты» әңгімеріндегі кейіпкерлер ала-құла, қиын замандарда өмір сүрсе де адамгершілік қасиеттен айнымайды, биік парасаттылық танытады. Олар жеке басындағы қиыншылықтарды жеңіп қана қоймайды, қасындағыларға нұр шашады, олардың жағдайына түсіністікпен, жанашырлықпен қарайды, сөйтіп сүреңсіз өмірге өзгеше біп шуақ енгізеді»,  – дегенді айтты. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті