Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Берлинде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының неміс тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

03.11.2015

Берлинде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының неміс тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

 
         Дүйсенбі күні Германиядағы ҚР Елшілігі ғимаратында «Қазақ хандығына 550 жыл: бастаулардан қазіргі заманға дейін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның барысында «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының неміс тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді.

      Шараға неміс әдебиеттанушылары, ГФР және қазақ диаспорасының зиялы қауым өкілдері мен қазақстандық студенттер қатысты.

      Өзінің кіріспе сөзінде ГФР-ындағы ҚР елшісі Болат Нүсіпов қатысушыларды Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен таныстырып өтті. Сондай-ақ ол қазақ халқының мәдениеті мен тарихын таныту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Қазақ кітапханасы» жобасы жайлы айтып берді. 

       Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші томының тұсауын кескен Б.Нүсіпов кітап авторының қазақ халқының әдеби мұрасына қосқан ерен еңбегін атап өтті. 

     Шара барысында неміс әдебиеттанушылары, «Қазақ кітапханасы» жобасының қолға алушылар Леонард Кошут пен Кристине Лихтенфельд баяндама жасады. Олар аталған жобаның арқасында Қазақстанның бірегей мәдениеті мен әдебиеті еуропалық қауымдастық үшін қолжетімді бола бастағанын жеткізді. 

       «Қазақ кітапханасы» жобасы Германиядағы Қазақстан елшілігімен 2006 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба қазақ мәдениеті мен қазақ жазушыларының шығармашылығын Германия мен Еуропада танытуды көздейді. Оның аясында қазақстандық авторлардың 20-дан астам еңбектері жарық көрді. Соның ішінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы» атты еңбектері мен М.Әуезовтің, Т.Ахтановтың, І.Есенберлиннің, М.Мақатаевтың, Д.Досжанның, Ф.Оңғарсынованың, Г.Бельгердің, Ә.Нұрпейісовтің, Ә.Кекілбаевтің, О.Сүлейменовтің туындылары бар.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2835077

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті