Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Нұрғиса Тілендиев жайлы «Құстар әні» көркем фильмі биыл жыл соңына дейін экранға шығады

03.11.2015

Нұрғиса Тілендиев жайлы «Құстар әні» көркем фильмі биыл жыл соңына дейін экранға шығады

 
        Алматыда қазақтың ұлы композиторы, атақты дирижер, шебер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған көп сериялық көркем фильм түсіріліп жатыр.

     «Көрермен кемеңгер музыкантты бұл фильмде әр қырынан танитын болады. Нұрғиса Тілендіұлы алдына қойған мақсаттарына жете білетін, қатал мінезді, қызу қанды, қам көңіл әрі өте сезімтал жан болған. Бұл фильмде Нұрғиса ағамыздың өмірі, қызығы мен шыжығы мол тағдыры, алдына қойған биік мақсаттарына қол жеткізу жолында көрген қиындықтары шынайы түрде баяндалады», - дейді фильмнің авторлары.

        Фильмнің қоюшы режиссері - Рәшид Сүлейменов. Басты рөлдерді Ергенбай Әбуов, Гүлназ Жоланова, Санжар Мәдиев, Бақытжан Әлпейісов, Михаил Токарев, Сағызбай Қарабалин, Махаббат Сарқытбаева, Яна Бобрыка сынды әртістер сомдайды.

       «Бұл фильмге түсіріліп жатқан кездің өзінде жұртшылық назары ерекше ауып жатыр. Ал кастинг жарияланған кезде тіпті түнгі сағат бірге дейін телефонға тыным болмады. Көп адам түскісі келді. Мұнда кейіпкерлер қазақ тілінде де орыс тілінде де сөйлей береді. Сондықтан да ол қазақ тілді көрермендерге де орыс тілді көрермендерге де түсінікті», - деді өз кезегінде «Көркем фильм» кино компаниясының PR-директор  Сәкен Белгібаев.

      Сонымен қатар, ол басты рөлді сомдауға үміткерлер өте көп болғандығын айтты. Бірақ олардың есімдері әзірге құпия сақталуда.

       Түсірілім бұдан үш апта бұрын басталды. Қазір түсіру жұмыстары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында жалғасуда. Күні бүгінге дейін туындының жартысынан көбісі түсіріліп қойыпты.    

       Фильмді «Хабар» агенттігінің тапсырысымен «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсіріп жатыр. Оған қажетті ақпараттар соңғы бес ай бойы жинақталған. Оның үстіне сценарий композитордың жанұясымен, туыстарымен келісілген.

      Енді көрермендер әр сериясы 52 минуттан тұратын «Құстар әні» көркем фильмін биылғы жылдың соңына таман көгілдір экраннан тамашалай алады. 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2834962

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті