Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Заң қабылданса 57 мың отандасымыз бірден азаматтық алады

03.11.2015

Заң қабылданса 57 мың отандасымыз бірден азаматтық алады

     Бүгін Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбековтің жетекшілігімен комитет отырысы өтіп, онда үш бірдей заң жобасы қаралды. Соның бірі – халықтың көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов заң жобасы еліміздегі 57 мыңға жуық отандасымыз бірден азаматтық беру мәселесін қарастыратындығын атап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

      - Біз осы кезге дейін қолданыста болған «Көші-қон туралы» заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Ал бұл құжат 1997 жылы қабылданған болатын. Жаңа редакцияланған заң жобасы елімізге шет елдерден келетін этникалық қазақтар үшін өте тиімді болмақ. Себебі, қазірдің өзінде Қазақстанда азаматтық алу үшін ықтияр хатпен жүрген 57 мың шеттен келген отандасымыз бірден азаматтық алады. Олар қазіргі қолданыстағы заң талаптары бойынша, тиісті құжаттарын тапсырып, азаматтық алу үшін 4 жылдық мерзімнің орындалуын күтіп жүр. Ендігі жерде жаңа заңымыз күшіне енген жағдайда, оларға бірден азаматтық алатын жандар санатына жатқызылатын болады. Яғни, олар «ескі» заңның «4 жылдық мерзімін» күту талабын орындауы шарт емес, - деді Біржан Бидайбекұлы.

        Айта кетейік, жуырда ғана Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасын, Парламент Сенатындағы комитет депутаттары жан-жақты талқылап, Сенаттың Кеңейтілген отырысына шығаруға арнайы қаулы қабылдады. Ал Кеңейтілген отырыста қолдау тапқан заң жобасы Мемлекет басшысының қол қоюуына жіберілетін болады. Одан көп ұзамай заң күшіне енеді.

      baq.kz 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті