Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ҚазҰУ әлемнің үздік 50 университетінің қатарына қосылды

04.11.2015

ҚазҰУ әлемнің үздік 50 университетінің қатарына қосылды

03-11-2015-KazGU 01

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның халықаралық хабына айналып, әлемнің үздік 50 университетінің қатарына қосылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

      Қазақ университеті БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб пәтерінде білім мен ғылымның тұрақты даму бағдарламасына байланысты ұйымдастырылған салтанатты ашты. «START» академиялық ықпалдылық бағдарламасының іске қосылуына орай БҰҰ-ның Штаб пәтерінде өткен Халықаралық форум Қазақстаннан берілген тікелей бейнехабар таратудан басталды.

       БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған академиялық ықпалдылық бағдарламасы БҰҰ қарастыратын өзекті мәселелерді шешу үшін университеттердің зияткерлік мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Ұйымның бас хатшысы ҚазҰУ-ды хаб болып тағайындалғанымен құттықтап, университет өзін халықаралық дәрежеде көрсететініне сенім білдірді.

     Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағылшын тілінде білім беретін «Тұрақты даму» магистрлік бағдарламасы ашылды. Бағдарламаның негізгі серіктесі Нью-Йорк университеті. Алдағы уақытта жаңа технологиялармен және ғылыми зерттеу жұмыстарымен Еуразиялық орталық ашу жоспарға кірді.

        Талғат Сүйінбай.

         Сурет, дерек: egemen.kz.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті