Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Исраил Сапарбайдың шығармашылық кеші болады

06.11.2015

Исраил Сапарбайдың шығармашылық кеші болады

       Алматыдағы  ҚР Ұлттық кітапханасында 6 қарашада   ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың шығармашылық кеші және «Бір тамшы көздің жасындай», «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламан...», «Өзімді саған сыйладым» атты кітаптарының тұсаукесері өтеді.

       Үш кітап бөлек-бөлек үш жанрды қамтиды. «Бір тамшы көздің жасындай» – автордың  өзі айтқандай, «өлеңге қимайтын да симайтын ой үзіктерін, өмір, тіршілік толғамдарын» өзек етеді. «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламан...»  – Есенин  шығармашылығының сан қырын, атап айтқанда, өлеңдерін, хаттарын, ақын хақындағы замандастарының естеліктерін бір жүйе-жүйеге түсіріп көркем тәржімалауымен құнды. Соңғы бөлімді құрайтын «Талай сұлу тілегімді құп алған..» эсселері де тақырыптық, танымдық сонылығымен оқырман назарын аударары анық. «Өзімді саған сыйладым» – «Махаббат шайыры» атанған лирик ақынның соңғы бір-екі жыл көлемінде жазған жаңа жыр кітабы.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті