Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Бай балақай» жарық көрді

06.11.2015

«Бай балақай» жарық көрді

    Балалардың қаржылық сауаттылығын көтеру үшін Алматыда Нұрболат Аманжолдың «Бай балақай» атты жаңа кітабы жарық көрді. Оның тұсаукесері бүгін Сапар Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында өтті.      

     «Барлық тақырыпты қамтитын балаларға арналған сайт ашуды армандап жүр едім. Әркім өзіне қажеттісін сол жерден алу үшін. Оған Kaspi bank-тің   «Қаржы мәдениеті» білім беру бағдарламасы бір жағынан сәйкес келді. Сол себепті осы кітапты шығарған жәй бар. Шет елдерде түрлі қаржылық институттардың қолдауымен жарық көрген мұндай кітаптар өте көп. Қазақстанда бұған дейін жарық көрген кітаптар тек аударма болып келді», – дейді Н.Аманжол. Автордың сөзіне қарағанда қазақ тілінде жарық көрген бұл түпнұсқа еңбекте тек теория ғана емес, балалардың өз білімін тексеруіне арналған тәжірибелік тапсырмалар, есептер, қаржылық ойындар қамтылған. Ол алматылық отбасылардың бірінде  1 ай бойы жүргізілген тәжірибе негізінде де әзірленіп отыр. Бұл кітап  енді мектеп кітапханаларына ғана емес  барлық оқырмандарға тегін таратылмақ.        

     Банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбектің сөзіне қарағанда, оқырмандар тарапынан сұраныс болып жатса кітаптың таралымы алдағы уақытта тағы ұлғайтылмақ. Оның алғашқы шығарылымы қазір 4 мың дананы құрап  отыр. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті