Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Оралмандарға тұрғын үй салатын жер телімін беруді шешу керек

06.11.2015

Оралмандарға тұрғын үй салатын жер телімін беруді шешу керек

© kaz.gazeta.kz

© kaz.gazeta.kz

    Оралмандарға ең бірінші кезекте тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беруді шешу керек. Кеше Сенаттың жалпы отырысында оралмандардың тарихи отанына оралуын ынталандыратын заңды талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осы мәселені көтерді.

      Депутаттың сөзіне қарағанда, бүгін қабылданған құжат Қазақстанның демографиялық үдерістерін жақсартып, шет елдегі қандастарымызды Атамекеніне оралуына байланысты жеңілдіктерді қарастырады.
       «Заң жобасында оралмандарға жеңілдіктермен қатар, тұтыну кредиттері мен тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі деп жазылған. Бұл өте дұрыс, толық қолдауға болады, оралмандардың тұрақтануына қолайлы жағдайлар да жасайды. Алайда, мемлекет тұрғын үй салуға ипотекалық қаржы беретін болса, онда оралмандар ең алдымен жер алуы керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда оралмандарға жер телімдерін беру мәселесі қаралмаған. Оларға берілмейді. Сондықтан да, оралмандарға ең алдымен тұрғын үй салуға жер телімдерін беру керек деп есептеймін. Баспана салуға жер берілмесе, ол үшін ипотека берудің қажеті қанша», - деді Қуаныш Айтаханұлы.
      Сонымен қатар, сенатор оңтүстік өңірлерде оралмандар үшін жер телімдерін беру мәселесі тіпті өзекті екенін тілге тиек етті. «Біз түпкілікті шешетін мәселенің бірі де сол жерге, жер телімдеріне қатысты болып табылады. Қазақстанның бір өңірінде халық саны көп, жер жоқ, екінші бір бөлігінде халық саны да аз, жер телімдері де игерілмей бос жатыр. Осыны дұрыс реттеу керек», - деді ол. 

          kaz.gazeta.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/oralmandarga-turgyin-uy-salatyin-jer-telmn-berud-sheshu-kerek-75446/

Пікір қосу

Пікірлер

08.11.2015 - М.Кендебай , Монголия
Монғолиядан барған оралмандар зейнетке шыққында, не /немесе/ зейнеттегі адамдар оралман мәртебесін алғанда Монғолияда жұмыстаған еңбектері есепке алынбайтын болғаны Монғолиядан Қазақстанға ата-анасымен бірге бармақшы болған көптеген адамдарға тосқауыл болып тұр. Осы туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы осы маселені шешіп берсе деген өтініш бар.

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті