Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жанат Жақиянов – WBA тұжырымы Әлем чемпионы атанды

09.11.2015

Жанат Жақиянов – WBA тұжырымы Әлем чемпионы атанды

08-11-2015-Zhakiyanov 02

     Жеңіл салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов шаршы алаңда венесуэлалық Йонфрез Парехомен кездесті. 12 раундтан тұрған айқаста отандасымыз төрешілердің шешімімен басым түсті. Нәтижесінде ол WBA тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

       Бокс кеші Монакода өтті. Бастапқы бес раундта қарсыластар алма-кезек шабуылдап, бір-бірінің осал тұсын іздеп көрді. Ал алтыншы раундтан бастап Жанат басымдықты өз қолына алды. Тіпті 10-раундта қарқынын күшейтіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаудың амалын қарастырды. Алайда, Йонфрез Парехо оңай шағылар жаңғақ еместігін дәлелдеп, қазақстандықтың жойқын соққыларынан сауатты қорғана білді.

       Осылайша қарсыластар рингте 12 раунд айқасты. Нәтижесінде төрешілер Жанаттың шеберлігін жоғары бағалап, жеңісті қазақ боксшысына берді.

       32 жастағы отандасымыз осымен 27 кездесу өткізді. Соның 26-сында жеңіске жеткен Жақиянов 18 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Тек бір мәрте ғана қарсыласына жол берді.

         Еламан Қоңыр.

      Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті