Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алаш тарихының ақиқаты» байқауының жеңімпаздары анықталды

09.11.2015

«Алаш тарихының ақиқаты» байқауының жеңімпаздары анықталды

         Алматыда 6-қараша күні Қазақстан Жазущылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Алаш тарихының ақиқаты»  байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оны Еуразиялық топтың (ERG) қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  ұлттық көркем әдебиетті қолдау үшін Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған болатын.

        Жабық бәйгенің қорытындысы бойынша проаза жанрында:  Бас жүлдені Тынымбай Нұрмағамбетов (Алматы); 1-орынды Момбек Әбдіәкімұлы (Оңтүстік Қазақстан облысы); 2-орынды Тұрысбек Сәукетай (Алматы), Бақытжан Қанапиянов (Алматы), Қуаныш Жиенбай (Астана); 3-орынды Әділбек Ыбырайымұлы (Астана), Төкен Әлжантегі (Қарағанды), Асқар Алтай (Астана), Серік Сағынтай (Қарағанды) иеленді.  

      Поэзия жанрында: Бас жүлдені Серік Тұрғынбекұлы (Астана);  1-орынды Сайлау Байбосын (Ақмола облысы), 2-орынды Серік Ақсұңқарұлы (Қарағанды), Әбубәкір Қайран (Алматы), Жарас  Сәрсек (Алматы), 3-орынды Қорғанбек Аманжол (Алматы), Бақытбек Бәмішұлы (Алматы), Ғалым Әріп (Маңғыстау облысы), Ескен Елубай (Алматы), Мыңбай Рәш (Алматы), Наурызбек Саршаев (Тараз) бөлісті. Драматургия жанрында: Бас жүлдені Иранбек Оразбаев (Алматы); 1-орынды Рахымжан Отарбаев (Атырау); 2-орынды Сұлтанәлі Балғабаев (Алматы), Думан Рамазан (Астана), Жолтай Әлмештегі (Астана); 3-орынды Нұрғали Ораз (Алматы), Кенжебай Ахмет (Жезқазған), Жәркен Бөдеш (Алматы), Мағира Қожахметова (Алматы) алды.

        Проза, поэзия және драматургия жанрларындағы олардың шығармалары 2 том болып «Ан-Арыс» баспасынан жарық көрді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл байқауды дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті