Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ҚазМемҚызПУ студенттері – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры стипендиясының иегері

09.11.2015

ҚазМемҚызПУ студенттері – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры стипендиясының иегері

      Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиаттары атанды.

       Қазан айының 29-ы күні еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының ең жақсы оқитын, белсенді студенттеріне салтанатты марапаттау өтті. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»- деп Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінде ұлт көшбасшысының білімді жастарға жасап жатқан қамқорлығы ерекше. Жастардың біліктілігі мен білімділігін арттыруға бағытталған Елбасының бағдарламаларының бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры ұсынған арнайы шәкіртақы ұсынуын көрсетуге болады. Шәкіртақы студенттердің оқу мен ғылыми-шығармашылық қызметтерін ынталандыру үшін тағайындалады және бір жылғы оқу мерзіміне беріледі.

      2011 жылдан бастап тағайындалып келе жатқан стипендия иегері атануға 450-ден астам үміткер қатысқан. Шәкіртақыдан үміткерлерді анықтауда оқуда озат, қоғамдық өмірге белсене қатысып, халықаралық додаларда топ жарған жастарға басымдық берілген. Осы үдеден табылған, талапқа сайдеп танылған 80 студент шәкіртақы иелері атанды.

     Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 3 студенті үздік студенттер қатарынан табылды. Өнер және мәдениет факультеті «Кітапхана ісі» мамандығының 3-курс студенті Мөлдір Қуандық пен «Мәдени тынығу жұмысы» мамадығының 3-курс студенті Сабина Қойшанова, сонымен қатар Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4-курс студенті Ақдана Ақылшаева – Президент қоры тағайындаған шәкіртақының иегерлері.

      Алматы қаласында өткізілген салтанатты марапаттау рәсіміне қатысқан ҚазМемҚызПУ студенттері қатарластарының алды екендіктерін, оқуда, озат, зейіні мен зерегі дара екендіктерін танытты. Мөлдір, Сабина және Ақдана бірнеше қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жобалар мен әдеби-мәдени, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанып үлгерді. Қатарларынан оза шауып, өзінен кейінгі жас буынға парасатты қазақ қызының үлгісін көрсете алды.

      Марапаттау кешінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Мәдениет қайраткері Жәния Әубәкірова: «Студенттерді таңдағанда біраз деген қиындықтар болды. Студенттердің білімі өте жоғары, оқу көрсеткіштері өте жоғары болғаннан кейін, конкурс екі этапта өтуге негіз болды. Болашақта ғалымдар, өнер қайраткерлері, біздің Қазақстанды әлемге көрсететін азаматтар болады деп сенеміз», – деп жылы лебізін білдірді. Біз де Қыздар университетінің белсенді студенттерінің бұл жетістігі тек бастама ғана, әлі де бағындырар белестері мен алар асулары алда екеніне сенім мол.

    Айдана ДӘУЛЕТОВА, Өнер және мәдениет факультетінің 3-курс студенті

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті