Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркінің ортақ тарихнамасы жаңадан зерделенбек

10.11.2015

Түркінің ортақ тарихнамасы жаңадан зерделенбек


        «Орталық Азиядағы тарихнама және деректер: өткені, бүгіні және болашағы туралы жаңа зерттеулер». Дәл осындай тақырыппен Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған халықаралық практикум-семинар өтті.

          Шараны Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірге Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырып отыр.

         Халықаралық семинарға бірқатар мемлекеттерден білікті тарихшылар қатысып, Орталық Азия және жалпы түркі тарихын зерттеудегі өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.

         Шараның негізгі ұйымдастырушысы болып табылатын Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының (ХҚТУ) директоры Невзат Шимшек жиынның мақсаты - ортақ түркі тарихын бірлесе зерттеудің негізін қалау екенін атап өтті.

          «Осынау семинар-практикумды ұйымдастыруымыздың негізгі мақсаты - тарихнамамызда жазу үрдісінде өткерген кешегі тарихымызда жіберіп алған қателеріміз бен кемшілігімізді анықтап, ой мен сана биігінде бірбірімізге жақындау үшін тарихи тұрғыдан атқарылатын мақсаттар мен ұстанымдарымызды айқындау болып табылады. Қазіргі кезде ондай кемшіліктеріміз жоқ емес. Сондақтан да, ортақ түркі тарихы жаңадан зерделеніп, жаңаша ұстанымда зерттелуі керек» деді ол.

          Халықаралық семинар-практикумға қатысушылар қолданыстағы және жаңадан айқындалған мұрағат деректері негізінде Орталық Азияның тарихын зерттеудің әдістемелік мәселелерін талқылап, аталған саланың алдағы дамуындағы басым міндеттер жайында ой бөлісті. Сондай ақ, шетел мұрағаттарындағы деректерді пайдаланудың маңызы да назардан тыс қалған жоқ.

          Жалпы семинар-практикум аталған аймақтың әлеуметтік тарихын зерттеудің негізгі мәселелерінен бастап, саяси үдерістердің Орталық Азия тарихнамасының қалыптасуына ықпалы, олардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси құбылыстармен өзара байланысына дейінгі ауқымды тақырыпты қамтыды.

         Естеріңізге салайық, былтыр жыл соңында Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен алқалы жиындардың бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып өтетінін мәлімдеген болатын. Сол уақыттан бері ұлт тарихы тереңірек зерттеле бастады. Отандық ғалымдар бастаған экспедициялық топтар алыс-жақын шетелдердегі музейлер мен архивтерде болып, Қазақ хандығының құрылуына қатысты және сонау сақ-ғұн кезеңінен бері киелі Қазақ даласын мекендеген барлық рулар мен тайпалардың, мемлекеттердің тарихына қатысты тың деректерді іздеп, көпшілігі елге олжамен оралды. Сонымен қатар, республика аумағындағы ортағасырлық қалалар маңында да археологиялық жұмыстар қайта жанданып, Қазақ хандығына қатысты жаңа деректер табылды.

             http://www.inform.kz/kaz/article/2837427

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті