Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркі тілдес халықтардың ІІ «Театр альманағы» жарық көрді

10.11.2015

Түркі тілдес халықтардың ІІ «Театр альманағы» жарық көрді

      «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық  ұйымы «Театр альманағын» енді жыл сайын жарыққа шығаруы мүмкін. Бұл бүгін Алматыдағы М. Әуезов мұражай үйінде өткен ІІ «Театр альманағының» тұсаукесерінде айтылды.    

    «ТҮРКСОЙ-да театр қызметін дамыту үшін 2009 жылы ТҮРКСОЙ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекеттік театрлары жетекшілері кеңесі құрылған болатын. Оның алғашқы мәжілісі Антальяда, екінші мәжілісі 2012 жылы Бакуде өтті. Түркі халықтарының пьессаларын бір кітапқа топтастыру жөніндегі жұмыс нәтижесінде 2013 жылы алғашқы  «Театр альманағы» жарық көрді. Оған 12 түркі тілдес халықтың пьессасы өз ұлттық тілінде енді. Бұл тарихтағы түркі тілдес халықтардың тұңғыш театр жинағы болды. 2013 жылы Қазанда өткен 3-мәжілісте екінші «Театр альманағын» шығару туралы шешім қабылданған еді. Баспадан шыққан алғашқы 100 данасының бүгін Қазақстанда тұсауын кесіп отырмыз. Оған бұл жолы 15 түркі тілдес халықтың пьессасы еніп, олар түрік тіліне аударылып беріліп отыр», – деді ТҮРКСОЙ-дағы Әзірбайжан Республикасының уәкілі, ТҮРКСОЙ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекеттік театрлары жетекшілері кеңесінің үйлестірушісі Эльчин Гафарлы. Оның айтуынша, 2016 жылы ІІІ «Театр альманағы» шықпақ. Ол жас көрермендерге арналған пьеассаларға арналады деп жоспарлануда. Бұл үшін жинаққа енуге үміткерлер өз шығармаларын түрік тіліне аударып ТҮРСОЙ-ға жіберуі тиіс.          

    Теартанушы, өнертану ғылымының кандидаты, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Амангелді Мұқанов: «ІІ «Театр альманағының» мақсаты – өзге  түркі халықтарын Түркияға таныстыру. Біздің авторларымызды, пьессалармызы олар көп біле бермейді. Біздің Мәдениет министрліктеріміз жасай алмай жатқан тірліктерді осы ТҮРКСОЙ ұйымы жасап жатыр. Түркі халықтарының мәдениеті мен өнерін жинастырып, насихаттаудағы ТҮРКСОЙ-дың қызметі ерекше», – дейді.        

    «Біз театрларда аударма пьессалардан көбіне Еуропа, Америка драматургтерін көбірек қоямыз. Сол үшін кейде сын естіп жатамыз. Өйткені бізде түркі әлемінен материалдар қолға түспейді, аздау болады. Театр тарихына қарасақ бізде бұған дейін Назым Хикмет пен Түнджера Джудженоглудың шығармасы ғанай қойылған екен. Енді мұндай жағдай жасалғаннан кейін алдағы уақытты түркі халықтарының пьессалары көбірек қойылады деп ойлаймын»,  –  деді М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Әлия Бөпежанова.  

           Ерлік Ержанұлы  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті