Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «28 Панфиловшылар ерлігі ұмытылмайды» атты еске алу кеші өтеді

10.11.2015

«28 Панфиловшылар ерлігі ұмытылмайды» атты еске алу кеші өтеді

      Алматыда 11-қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Халық қаһарманы Бауыржан  Момышұлының туған күніне және Панфилов дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына (2016) орай «28 Панфиловшылар ерлігі ұмытылмайды» атты  еске алу кеші және кітап көрмесі өтеді.

      Кеңестер Одағының Батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлы - 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Соғыс басталғаннан бастап, Б.Момышұлы құрамында өзі майданға кеткен 316-шы атқыштар дивизиясының құрылуына көп күш салды. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, атақты 8-ші  гвардиялық дивизия батальонын басқарды, полк командирі болды, соғыс аяқталғанша гвардия дивизиясын басқарды.

            28 панфиловшы — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті