Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Әзірбайжанның халық ақыны, драматург Бақтияр Хамзаденің 90 жылдығы атап өтілді

10.11.2015

Алматыда Әзірбайжанның халық ақыны, драматург Бақтияр Хамзаденің 90 жылдығы атап өтілді

     Алматыда  «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының қолдауымен Әзірбайжанның халық ақыны, драматург Бақтияр Хамзаденің 90 жылдығына орай жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.         

     «Бұл кітапта Б.Хамзаденің 90 жылдығына орай 90 өлеңі еніп отыр. Олар 15 өлеңнен қазақ, қырғыз, өзбек, әзірбайжан, түрік және  түрікмен тіліне аударылған. Мәселен, ақынның «Есіктер», «Жылан мен қыран», «Сопылық», «Алдану», «Сөзім ширап, өзім қирап ...», «Келеді бір күн», «Өлмеймін деме», «Көз жасы», «Тұранға беталдым», «Сәбидің күлкісі», «Батырлардың мүрдесі», «Тау суы», «Жауап», «Біз бір кемедеміз», «Сарай және лашық» деген шығармалары қазақ тілінде басылған»,  – деді Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы уәкілі Мәлік Отарбаев. Оның айтуынша, кітапты құрастырған ТҮРКСОЙ-дағы Әзірбайжан Республикасының уәкілі, ТҮРКСОЙ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекеттік театрлары жетекшілері кеңесінің үйлестірушісі Эльчин Гафарлы.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті