Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бейжіңде «Қытайдағы Қазақстан достарының клубы» құрылды

11.11.2015

Бейжіңде «Қытайдағы Қазақстан достарының клубы» құрылды


        Бейжіңде ҚХР-дағы ҚР Елшілігінде «Қытайдағы Қазақстан достарының клубының» құрылуына орай мәжіліс өтті.

       Шараға Қытайдың беделді мемлекет қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында ҚХР ішкі істер министрінің орынбасары, бұрынғы ҚХР-дың ҚР-дағы Елшісі Чэн Гопин (Cheng Guoping), бұрынғы ҚХР сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары Тянь Цзэнпэй (Tian Zengpei), ҚХР-дың ҚР-дағы бірінші елшісі, бұрынғы ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чжан Дэгуан (Zhang Deguang), Орталық Азия және Қытайдың достық қоғамы төрағасының орынбасары, ҚХР-дың ҚР-дағы бұрынғы Елшісі Чжоу Сяопэй (Zhou Xiaopei), ШҰАӨ ҚКП тұрақты комитетінің мүшесі Ғанибет Сабкейұлы, белгілі жазушы, Қытайдың Халықтық саяси түсіндірмелік кеңесінің мүшесі Акбар Мажит және т.б. бар.         

     Бұл шараға Қазақстан атынан ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚР ИДМ орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

         «Мен Бейжіңге бұл сапарым «Қытайдағы Қазақстан достарының клубы» құрылып жатқан шараға дөп келгеніне қуаныштымын. Мен осы клубтың қызметі және сіздердің баршаңыздың жұмыстарыңыз Елшіліктің саяси, экономикалық және мәдени әріптестікті терең дамытуға көмек беретініне сенімдімін», - деді А.Мусинов өз сөзінде.        

    Қытайдың маңызды бастамаларына қолдау білдіретінін айта келе ол «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының үндесіп жатқанын еске салды.

        Өз сөзінде ҚХР-дың сыртқы істер министрінің орынбасары, бұрынғы ҚХР-дың ҚР-дағы Елшісі Чэн Гопин қытай-қазақстандық қатынастардың нығаюы мен екі ел халықтары арасындағы достық осы отырысқа әрбір қатысушының өміріндегі ең маңызды іс болып саналатынын атып өтті. 
          http://www.inform.kz/kaz/article/2837843

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті