Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Аманат» киноклубы ашылды

11.11.2015

Алматыда «Аманат» киноклубы ашылды

       ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің жанындағы «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның бастамасымен «Аманат» киноклубының ашылу рәсімі өтті.

      Киноклубтың мақсаты – отандық фильмдерді насихаттау және беделін арттыру болып табылады. Бұл ретте кинкоклуб көркем және деректі фильмдерді тұрақты түрде көрермен назарына ұсынып, шығармашылық топппен кездесулер ұйымдастырып тұруды көздейді.

     Киноклубтың тұсаукесерінде көрермен назарына «Аманат» көркем фильмі ұсынылды. Бұл картина дарынды тұлға, атақты ғалым, «XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан» кітабы үшін Қазақстан және Орта Азия елдерінде тұңғыш рет тарих ғылымдарының докторы атағына ие болған Ермұқан Бекмахановтың тағдырынан сыр шертеді. Фильмнің таныстырылымына режиссер Сатыбалды Нарымбетов, сонымен қатар басты рөлдерде ойнаған актерлер: Қарлығаш Мұхамеджанова, Әзиз Бейшенәлиев және Санжар Мәдиевтер қатысты.   

     – Мен «Аманат» киноклубының тұсаукесеріне куә болғанымды және де киноклубтың біздің картинамызбен аттас болғанын мақтан тұтамын. Ермұқан Бекмахановтың тағдыры – бұл патриотизмнің биік шыңы, отанды сүйе білудің лайықты көрінісі. Қазақ ғылымындағы осы ерекше құбылысты көрерменге көркем түрде жеткізу үшін біздің түсіру топ 5 жыл аянбай еңбек етті, – деп  режиссер Сатыбалды Нарымбетов жүрекжарды пікірін білдірді.

      «Аманат» киноклубының ашылу салтанатына КСРО  Халық әртісі Асанәлі Әшімов, «Ғылым ордасы» РМК-ның бас директоры Роза Кәрібжанова, Ермұқан Бекмахановтың жұбайы Халима Бекмаханова мен ғалымның ұл-қыздары, «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері және белгілі қоғам және өнер қайраткерлері қатысты.

          «Аманат» киноклубында әр айда бір рет басқосу жоспарлануда. Бұл жиындарда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның соңғы жылдардағы түсірген фильмдері және жаңа картиналар көрермен көзайымына айналмақ. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті