Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мұхтар Әуезовтің және жазушының өзіне берілген қолтаңбалар жеке кітап болып жарық көрді

11.11.2015

Мұхтар Әуезовтің және жазушының өзіне берілген қолтаңбалар жеке кітап болып жарық көрді

    Алматыдағы «Елтаным» баспасынан Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Жайлауқызы Пірәлінің «Қолтаңба» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Ол М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен басылып отыр.

    Қазақтың ұлы суреткері, ойшыл, ғалым, академик Мұхтар Әуезовтің сүйікті ұл-қыздарына, жанында жүрген жанкүйер жолдастарына, замандастары мен әріптестерін, қазақтың біртуар тарихи тұлғаларына, қоғам қайраткерлеріне берген қолтаңбалары бұл кітапта тұңғыш рет жүйеленіп, зерттеліп, жарияланып отыр. Жазушының жеке кітапхана қорынан алынып отырған қолтаңбалар тек суреткердің шығармашылығы үшін ғана емес жалпы қазақ әдебиеті тарихы үшін де қажетті дүние. Ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет зерттеліп отырған еңбекте автографтың өзіндік стилі, тілі, тағдыры, тарихы бар ерекше жанр екендігі жан-жақты талданады.

    Монографиялық еңбек 3 бөлімнен тұрады. «Автограф» деп аталатын бірінші бөлімде қолтаңба жанрының анықтамалары, тарихы мен М. Әуезовтің жеке кітапханасындағы қолтаңбаларға талдау жасалса, «Жүректен жүрекке» деген екінші бөлімде М. Әуезовтің жүрек қалауымен өз туындыларына түсірілген қолтаңбалардың фотокөшірмелері беріледі. «Әлем таныған М. Әуезовке ұсынылған қолтаңбалар» атты 3-ші бөлімде жазушыға арналған автографтар жүйеленіп, фотокөшірмелері беріледі. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті