Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Абайдың «Қара сөздері» моңғол тіліне аударылды

11.11.2015

Абайдың «Қара сөздері» моңғол тіліне аударылды

    Бүгін Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі мен Моңғолия Ғылым академиясының ұйымдастыруымен ақын, ағартушы, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы атап өтілді. Шара аясында Хакім Абайдың моңғол тіліне аударылған «Қара сөздері» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

     Мерейтойлық шараға Моңғол елінің қоғам қайраткерлері, ғалымдар және сондағы қазақ диаспорасының белді тұлғалары, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

      Елші Қалыбек Қобландин аталған кітапты моңғол тіліне аударып, сол арқылы екі мемлекет арасындағы достастықтың дамуына өз үлесін қосқан ғалым, профессор, Моңғолияға еңбегі сіңген дәрігер Маналжавын Шагдарсүрен мырзаға және шараны бірлесе ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Моңғолия Ғылым академиясы басшылығына алғысын білдірді.

      Моңғолия Ғылым академиясының Вице-президенті Тувдийн Дорж қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиесіне баға жетпес үлес қосып келген ақынның шығармашылығы алдағы уақытта моңғол қоғамын ұлы ойшылдың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтты.

       Сондай-ақ, тұсаукесер барысында тарих ғылымдарының докторы, академик, қоғам қайраткері Қабыш Ислам, профессор Асай Рәміш және Моңғолия қоғамының белгілі қайраткері, жазушы, дипломат Сұлтан Тәукей шараға қатысты оң пікірлерін білдірді.

       Қатысушылардың назарына жергілікті «Үндесний Шуудан» газетінде Абайдың шығармашылық өміріне қатысты жарияланған көлемді мақала ұсынылып, басқа да моңғол тіліндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жетістіктеріне арналған кітаптар мен брошюралар таратылды.  

     BAQ.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті