Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Анкарада Түркияның оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттерінің слеті ұйымдастырылды

12.11.2015

Анкарада Түркияның оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттерінің слеті ұйымдастырылды

          
      Анкарада ҚР елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерінің слетін ұйымдастырды.

     Слет аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевпен кездесу өткізіліп, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігінен хабарлады.

      Елші екі елдің арасындағы екіжақты қарым-қатынас және ғаламдық дағдарыс аясында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы айта келе, студенттерді Түркияда алған тәжірибе мен білімді Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға шақырды.

      «Түркияда алған білім мен тәжірибелерің Қазақстан үшін байлық болып табылады. Бұл елімізде де, әлемде де қалыптасқан қазіргідей дағдарысты  жағдайда аса өзекті. Сендер еліміздің болашағысыңдар», - деді Жансейіт Түймебаев.

     Жүздесу барысында сындарлы диалог жасалып, оның аясында Қазақстан жастары Түркиядағы оқу кезінде қол жеткізе алған жетістіктерімен және күнделікті проблемалармен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Мысалы үшін, студенттер тарапынан түрік компанияларында кәсіби тағылымдамадан өту мәселесі бойынша жәрдем көрсету, бұдан әрі ғылыми жұмыстарда мамандық  пен тақырыпты таңдау және басқа да сұрақтар бойынша қызу пікір алмасу болды.

       Елшіліктегі кездесу барысында студенттерге консулдық-құқықтық көмек те көрсетілді.

      Қазіргі таңда Түркияда қазақстандық жастарының 1400 өкілі бар, ал биылғы жылы түрік оқу орындарына 128 студент қабылданды. 

     http://www.inform.kz/kaz/article/2838210

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті