Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мұқағалидың кітабы ағылшын тілінде жарық көрді

12.11.2015

Мұқағалидың кітабы ағылшын тілінде жарық көрді

     Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың маржан жырлары ағылшын тіліне аударылып, Нью-Йорктің "Metropolitan Classics" баспасынан "МҰҚАҒАЛИДЫҢ таңдамалы өлеңдері" ("Selekted poetry of MUKAGHALI") деген атпен тұңғыш рет жарық көрді.
      – Жинақтың шығуына мұрындық болған “Қазақ ПЕН-клубының” президенті, танымал әдебиетші Бигелді Ғабдуллин, ағылшыншаға аударған американдық ақын Марина Карцева. «Кітапты шығарушылардың ұсынысы бойынша “Өмірде ақындардың бәрі жалғыз” деген атпен көлемді алғысөз жазып беріп едім, ол да жарық көріпті, ол эссені американдық қаламгер Регина Козакова аударған екен», – дейді Ұ.Есдәулет.

    Баспа өзінің беташарында кітаптың жарыққа шығуын ұйымдастырған Бигелді Ғабдуллинге, дархан демеушілік жасаған Алматы облысының әкімдігіне, сонымен қатар түпнұсқадан орысшаға, одан ағылшыншаға жолма-жол аударған тілмаштар Қайсар Жорабеков, Елена Михеева, Меруерт Тілеубаева, Ғосман Төлеғұлұлы, ақын Амантай Өтегеновке және ресми қолдау көрсеткен Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Қайрат Омаров пен Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинге айрықша алғыс білдіріпті.

      Baq.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті