Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бішкекте Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойы аталып өтеді

12.11.2015

Бішкекте Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойы аталып өтеді

     Ертең Бішкекте қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына орай мәдени-ғылыми іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.  

       Халықаралық Түркі академиясының Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің қолдауымен өткізгелі отырған мерейтойлық шарасы аясында қырғыздың белгілі мемлекет қайраткері, Шоқанға Қашқария сапары кезінде қолдау көрсеткен Боромбай бидің 235 жылдық мерейтойы қатар аталып өтпек.

       Шоқан мен Борамбай би алғаш рет 1856 жылы кездесіп, ғалым бидің суретін салған. Борамбай би сол кездесуде Шоқанға «Манас» жырының үзінділерін айтып, нәтижесінде «Көкетайдың асы» атты бөлімнің жариялануына себепкер болғаны жөнінде деректер бар.

      Осыған орай, Бішкектегі А.Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында талантты тарихшы, фольклоршы, географ, этнограф Шоқан Шыңғысұлының мол мұрасына арналған көрме ұйымдастырылып, қос елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері мен көрнекті ғалымдары қатысатын салтанатты жиын өткізілмек. Сонымен қатар, қазақ-қырғыз өнерпаздары көрермендерге мәдени бағдарлама әзірлеуде. 

      BAQ.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті