Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

12.11.2015

«Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

     Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 13 қарашада   «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.  Тұсаукесерге елімізге белгілі саясаткерлер, зиялы қауым және «Ұлттар» баспасы мен Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінен өкілдер қатысады.

      «Орхон» баспа үйі шығарған кітап Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасы және Қазақстандағы Қытай елшілігінің тікелей қолдауымен шыққан. Қытай Халық Республикасының ұлы реформаторы Дэн Сяопин жайлы бұл еңбек тұңғыш рет қазақ тілінде шығып отыр.

     Дэн Сяопин бүгінгі Қытай елінің Социалистік мемлекет болып қалыптасуына, әлемдік геосаясаттан өз елінің лайықты орын алуына және экономикасының қарыштап өрлеуіне ұшан-теңіз еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол Аспан асты елін дамыған мемлекеттер қатарына енгізу арқылы қытай ұлтының ұлттық көсеміне һәм әлемдік тұлғаға айналды. Әлемдік деңгейдегі реформаторды қазақ оқырмандары да танып білуі қажет. Сол мақсатта жарық көрген бұл жинақты Қытайдың «Ұлттар» баспасының мамандары қазақ тіліне аударып, кітап болып басылуына ерекше көмек көрсетті. Кітап саясаттанушыларға, ғалымдарға, тарихшыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті