Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркияда қазақ қаламгерлерінің шығармалары түрік тілінде жарық көреді

12.11.2015

Түркияда қазақ қаламгерлерінің шығармалары түрік тілінде жарық көреді

         Түркияда алдағы айда Смағұл Елубай мен Мархабат Байғұттың түрік тіліндегі кітаптарының тұсаукесері өтеді. Бұл шара ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Қазақстанның «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымындағы Қазақстан Республикасның уәкілі Мәлік Отарбаевтың айтуынша, қараша айының аяғында қазақ жазушыларының 25 әңгімесі түрік тілінде кітап боп басылып шығады. ТҮРКСОЙ ұйымы оның тұсаускесерін Түркиядағы Қазақстан Елшілігімен бірлесіп өткізбек. Ал желтоқсан айында Смағұл Елубайдың «Ақбоз үй» романы мен Мархабат Байғұттың бір топ әңгімелері түрік тілдеріндегі аудармалары  кітап боп басылады. Бұдан бөлек түріктің белгілі журналист,  жазушы және драматургы  Халдун Танердің пьесасы алғаш рет қазақ тілінде аударылып, жеке кітап боп басылып шығады.

     Бұған дейін ТҮРКСОЙ Ғаббас Қабышевтің және Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағын да түрік тілінде кітап етіп шығарған болатын. 

         Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті