Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Лондонда Еуропа Қазақ жастарының V конференциясы өтеді

13.11.2015

Лондонда Еуропа Қазақ жастарының V конференциясы өтеді

     Осы жылдың 19-20 желтоқсанында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Еуропа Қазақ жастарының  V конференциясы өтеді. 

       Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы мен Ұлыбритания Қазақ қоғамы бірлесіп өткізетін басқосудың басты тақырыбы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғалы отыр. Іс-шараға Еуропаның 10-нан аса елінде тұратын қазақ жастары қатысады.

      «Биыл Лондонда өтетін Қазақ жастарының V конференциясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып отыр. Бұдан бұрын біз жастарға Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы жайлы баяндадық. Көптеген проблемаларды қозғадық. Тіл мен дәстүр мәселесі әрбір жиналысымызда өзектілігін жойған емес. Ал биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты балаларға нақты тапсырмалар бердік. Яғни, олар біздің Қазақ тарихы жайлы дайындаған арнайы сұрақтарымызға жауап беретін болады. Сондай-ақ, тарихымызды тануға арналған пікір алмасулар өтеді»,-дейді Ұлыбритания Қазақ қоғамының төрағасы Исайыл Кесіжи.

    Айта кетейік, Еуропа Қазақ жастарының конференциясы соңғы рет 2012 жылы Кельн қаласында өтті. Онда Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы мен қазіргі жағдайы жайында баяндамалар жасалып, Еуропаға алғаш келген аға буындар жастармен кездесу өткізген болатын.

         Майгүл СҰЛТАН

         

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті