Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Мен Қазақпын» деген атпен Табылды Досымовты еске алу кеші өтеді

13.11.2015

Алматыда «Мен Қазақпын» деген атпен Табылды Досымовты еске алу кеші өтеді

    Алматыда 18-қарашада Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың 50 жылдығына арналған «Мен Қазақпын» атты шығармашылық еске алу кеші өтеді. Оны әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Атамұра» корпорациясының және Атырау облысынан сайланған ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің қолдауымен Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қор ұйымдастырып отыр.

   Кешке Қорабай Есенов, Елена Әбдіхалықова, Қанат-Света Айтбаевтар,  Индира Расылхан, Роза Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Аллаберген Жақсыбаев, Сейіл Аяған, Жадыра Арыстанова, Жоламан Көшкінов, Орал Байсеңгір, Есенбай Құли, Қадырғали Көбентай және ұлы Абыл Аяш қатысады. Онда өнер иесінің өз орындауында бейнеқордан алынған бірнеше әні орындалып, өз оқуында өлеңдері беріледі. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, актер Болат Әбділманов Табылдының «Курстас достарды аңсау», «Кезіктім саған», «Тас қабірге тіл бітсе» сынды өлеңдерін оқиды. 

        Көзі тірісінде өзі оқыған Алматысында бір концерт беруді армандап, «Армысың КазГУ-городок, Алматы қайда, мен қайда?» деп жырлап кеткен бард ақынның бұл республикалық деңгейдегі алғашқы еске алу кеші болып отыр.  Бар болғаны 45 жыл өмір сүріп, жасындай жарқ етіп өте шыққан дара дарын Табылды Досымовтың артында 70-тен астам лирикалық және патриоттық әндері қалды.   Тұла бойына бірнеше қабілет дарыған синкреттік өнер иесі, қазақтың тұңғыш бард әншісі ретінде Қазақ өнерінің тарихына өз есімін алтын әріппен жазып қалдырды. Оның «Мен Қазақпын», «Дендерім – байтақ мекенім», «Биіктік», «Қазақ едім дегенше», «Сәйгүлік», «Табылдың әні», «Ақан серіге», «Асан қайғыны аңсау», «Өмірзая», «Бауыржан дос», «Астананың аруы», «Алматыда қалған қыз», «Мен саған ғашық емес ем», «Қыз махаббаты» сияқты әндері жұртшылыққа кеңінен танымал.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті