Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | М.Мақатаев пен Б.Соқпақбаевтың шығармалары ағылшын тіліне аударылды

13.11.2015

М.Мақатаев пен Б.Соқпақбаевтың шығармалары ағылшын тіліне аударылды

     Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың қолдауымен бүгін Талдықорғанда Нью-Йорктегі "Metropolitan Classics" баспасынан ағылшын тілінде жарық көрген қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы шығармалары мен көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестерінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

     Амандық Ғаббасұлы қазақтың бай әдебиеті әлемдік биікке көтеріліп, қазақ шығармалары ағылшын тілінде оқылатын болғандығына ризашылығын білдіріп: «Бұл - үлкен жетістік. Бүгін міне Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали мен балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың есімдері Нью-Йорктің төрінде аталып, қазақтың мерейін асырды. Бүгінгі күні американ жазушыларының ағылшын тілінде жазылған туындылары да қазақ тілінде жарық көріп жатыр. Осындай мәдени құндылықтар алмасуының халыққа берері көп», - деді өзінің құттықтау сөзінде.

      Осыдан бірнеше жыл бұрын Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин осы беделді халықаралық жазушылар ұйымының басшылық қызметін қабылдай отырып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын ағылшын тіліне аудару туралы ниет-тілегі бар екендігін білдірген болатын. Бүгінгі күні ол демеушілермен бірге діттеген мақсатына жетіп, алғашқы қарлығаштарын «Біз – қазақтар...» деген атпен көпшілікке ұсынды.

        Айта кетейік, Мұқағали Мақатаевтың кітабы америкалық ақын Марина Карцева, қазақ әдебиетшілері Қайрат Бақбергенов, Қайсар Жорабеков, Елена Михеева, Меруерт Тілеубаева, Ғұсман Төлеғұлұлы, Амантай Өтегеновтен құралған аудармашылар құрамының, ал Бердібек Соқпақбаевтың "Ме«ің атым Қожа» повесін америкалық аудармашы Кэтрин Фитцпатриктің табанды еңбегінің нәтижесінде ағылшын тілінде сөйледі. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті