Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қырғызстанда Ш.Уәлихановтың ескерткіші тұрғызылады

16.11.2015

Қырғызстанда Ш.Уәлихановтың ескерткіші тұрғызылады

     «Боранбай би мен Шоқан Уәлиханов. Тоғысқан тағдырлар». Осындай атаумен Бішкекте ауқымды мерейтойлық шара өтті. Ол қырғыздың көрнекті мемлекет қайраткері Боранбай бидің 235 және әйгілі ғалым Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналды, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

      ХІХ ғасырда өмір сүрген Боранбай Меңмұратов - Ыстықкөл қырғыздарының жарқын билеушісі әрі Шоқан Уәлихановтың ерекше құрметіне ие болған тұлға. Себебі қазақтың ұлы ғалымының алғашқы сапары қырғыз жерінен бастау алған. Тарихи тұлғаның жазбаларында Боранбай есімі жиі айтылады. Соның арқасында Шоқан Уәлиханов қырғыздың бақсылық дәстүрі мен рулық құрылымы туралы аңыз әңгімелерді жарыққа шығарған. 

     «Шоқан Уәлиханов пен Боранбай би секілді белгілі тұлғалардың құрметіне орайластырылған шаралар - өткенді екшеп, бүгінді бағалауға берілген үлкен мүмкіндік. Бақытымызға орай, бізде осы тұлғалар туралы толыққанды ғылыми база жұмыс істейді. Соны қолдану арқылы тарихты қайта парақтауға мүмкіндік алып отырмыз», - дейді Халықаралық түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

        Боранбай Меңмұратуулу бірнеше рудың жоғарғы манапы әрі өз заманының көреген саясаткері бола білді. Ол ел үшін сындарлы кезеңдерде дұрыс шешім қабылдай білуімен ерекшеленді. Сондай-ақ ұлтты ұлы істер мен берекелі бастамаларға жетеледі.  Шоқан Уәлиханов пен Боранбай би 1856 жылы тұңғыш рет кездескен. Сол уақыттан бастап қазақ ғалымы қырғыздың рулық бөлінісін зерттеді. Тынымсыз ізденісінің арқасында ол фольклортану әлемін алғаш зерделеген және 1901 жылы «Манас» эпосындағы «Кокетейдун ашы» үзіндісін орыс тілінде жариялаған тұлға ретінде тарихқа өшпес із қалдырды

         «Өздеріңіз білетіндей, Шоқан Уәлиханов - Манас жырының білгірі. Дәл осы Боранбай би мен Шоқан арасындағы байланыстыңдің Чолпон-Ата қаласында қазақ ғалымына арнап еңселі ескерткіш тұрғызбақ. өзі екі ұлттың достық қарым-қатынасы әрі де жатқанын айғақтайды», - дейді   Түркі мемлекеттері ақсақалдар кеңесінің төрағасы Уәли Ахметов.

      Тарихшылар болжамынша, Шоқан Уәлиханов пен Боранбай би қырғыз мемлекеттілігінің қалыптасуы мен тарихи құндылықтарының бүгінгі ұрпаққа жетуіне өлшеусіз үлес қосқан. Осы еңбекті ескерген жергілікті билік келер жылы Ыстықкөлдің Чолпон-Ата қаласында қазақ ғалымына арнап еңселі ескерткіш тұрғызбақ.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2839545

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті