Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қытайда тұңғыш рет «Қазақстан орталығы» ашылды

17.11.2015

Қытайда тұңғыш рет «Қазақстан орталығы» ашылды

    Шанхайдың шет тілдері университетінде Қазақстан Республикасының Шанхайдағы Бас консулдығының, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның («Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісі) және Шанхай шет тілдер университетінің бастамасымен Қытайдағы тұңғыш «Қазақстан Оралығы» ашылды.

      Орталықтың ресми ашылуына Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығыметов қатысты.

        «Менің ойымша, бұл орталық Қытайдың Қазақстанға деген  мүддесін, қазақ тілі мен қазақтың мәдениетіне, толеранттылықтың қазақстандық үлгісі мен еліміздің экономикалық дамуына деген құрметін танытады. «Қазақстан Орталығын» құру туралы идея Шанхайда жүзеге асқаны зор мәнге ие, себебі, Қытай Азиядағы қаржы  мен технологияның ірі орталығы, ал, Шанхай Қытайдағы үлкен мегаполис», - деді орталықтың ресми ашылуында Ш.Нұрышев.

        Елші осы орталық  шетелдік студенттер мен Қытай халқы үшін Қазақстанның мәдениет пен тарих салаларындағы, ішкі және сыртқы саясатындағы жаңалықтардың орталығы болатынын айта келе, жаңа нысанға «Біздер мен Сіздер: Қытай мен Қазақстанның тарихы» атты кітапты тарту етті.        

3

    Жалпы, «Қазақстан Орталығының» базасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел», «Нұрлы жол», «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Шанхайдың жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақ студенттерінің (олардың саны 800-ге жуықтайды) бас қосып, пікір алмасатын орталығы болмақ. Баса айта кетерлігі, жуық арада орталық ішінен шетелдік студенттер үшін қазақ тілін үйрететін кафедра ашылады.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2839687

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті