Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ қызы Зәмзәгүл Файзолланова ережесіз жекпе-жектен UFC-ге дайындалып жатыр

18.11.2015

Қазақ қызы Зәмзәгүл Файзолланова ережесіз жекпе-жектен UFC-ге дайындалып жатыр

Қазақ қызы Зәмзәгүл Файзолланова ережесіз жекпе-жектен UFC-ге дайындалып жатыр

       Дзюдодан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Зәмзәгүл Файзолланова ережесіз жекпе-жекке бет бұрған алғашқы қазақ қызы атанды.  Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

       Бүгінде әйелдер арасындағы ережесіз жекпе-жек бәсекелерінің бәсі жоғарылап келеді. Өткен демалыста жұдырықтасқан америкалықтар Ронда Роузи мен Холли Холмның арасындағы төбелес әлем жанкүйерлерінің назарын аударған болатын. Енді әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғайтын жауынгер қыз пайда болуы мүмкін.
       Зәмзәгүл Файзолланова біршама уақыт бойы дзюдодан ұлттық құраманың бірінші нөмірі атанған. Бүгінде ол ережесіз жекпе-жекке бет бұрып, екі рет жеңіске жетіп үлгерді.
       Бүгінде Зәмзәгүл ONE FC-мен келісімшарт жасаудың аз-ақ алдында тұр. Енді бір жекпе-жекте жеңіске жетсе, Файзолланованың әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігі жоғарыламақ.
      Astana Patriots Fight Club клубының директоры Алмат Тәжібаевтың айтуынша, Зәмзәгүл жақсы қырымен танылса, UFC-де өнер көрсетуі мүмкін. Бүгінде Зәмзәгүл Файзолланова «Бопай» лақап атын иемденген. Жаттықтырушылар Кенесары ханның қарындасы, кезінде жауға қарсы шапқан Бопайдың атын бекерге таңдамағандарын айтады.
       Жауынгер қыз Ронда Роузимен бір салмақта өнер көрсетеді.

       Дереккөз: NUR.KZ


Толығырақ: http://alashainasy.kz/sport/kazak-kyizyi-zamzagul-fayzollanova-erejesz-jekpe-jekten-UFC-ge-dayyindalyip-75951/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті