Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мұхтар Әуезовтің Ленинградта өткізген жылдары туралы кітап шықты

18.11.2015

Мұхтар Әуезовтің Ленинградта өткізген жылдары туралы кітап шықты

    Алматыдағы «Елтаным» баспасынан «Мұхтар Әуезов Ленинградта». Дата. Оқиға. Тағдыр (1923-1928 жж.) деп аталатын кітап жарық көрді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған бұл еңбектің вторы әдебиеттанушы, филолгия ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Жайлауқызы Пірәлі.

          Кітаптың 1-тарауы «Мұхтар Әуезов Ленинградта» (1923-1928 жж),  2-тарауы «Ленинградтағы отбасылық өмірі», 3-тарауы «Студент – суреткер» деп аталады. Бұл деректі ғылыми зертттеуде  бұрындары жарияланбаған көптеген ресми құжаттар, естеліктер, қолжазбалар, фотосуреттер беріледі.

      М.Әуезов «Хан Кене», «Қарагөз» пьессаларын, «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» сияқты бірқатар прозалық шығармаларын, «Әдебиет тарихы» атты оқулығын Ленинградта жүргенде жазған болатын.

       1924 жылдың 26-қаңтарына дейін Петроград аталып келген қалаға Мұхтар Омарханұлы 1923 жылдың күзінде келген көрінеді. Өкінішке орай  Петроград университетінде тіл тану мен материалдық мәдениет факультетінде 1 семестр ғана оқып, 1923-1924 оқу жылында Семей педагогикалық техникумында қазақ әдебиеті пәнінен оқытушы болмағандықтан сонда шақырылады. 1925 жылы оқуын қайта жалғастыруға келгенде ол енді Ленинград мемлекеттік университетінің 2-курс студенті атанған. Оны 1928 жылдың 8-мамырында аяқтаған Мұхтар  тіл тану мен материалдық мәдениет факультетінде білім алған алғашқы қазақ болды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті