Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мақсат Әбдіқадырұлының «Қазақ медицинасы» атты кі­та­бы жарық көрді

18.11.2015

Мақсат Әбдіқадырұлының «Қазақ медицинасы» атты кі­та­бы жарық көрді

      «Мерей» баспасынан «Қазақ медицина қоғамы» қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы, «Мақсат шығыс клиникасы» ме­дициналық орталығының бас дә­рігері Мақсат Әбдіқадырұлының «Қазақ медицинасы» атты кі­та­бы жарық көрді.

        Бұл сүбелі ғылыми еңбек не­гізгі үш бөлімнен тұрады. 
     Бірінші бөлімге автордың нақты дерек пен дәйектер негі­зін­де жазған ғылыми мақала­лары, екінші бөлімге маманның ақыл-кеңестері, үшінші бөлімге бұқаралық ақпарат құралдары­на берген сыр-сұхбаттары топ­тас­тырылған.
       – Медицина саласында аянбай еңбек етіп, тер төгіп келе жат­қаныма 22 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында білімді де білікті, ұлағатты да ұстамды ұстаздардан ақыл-кеңес алып, мол тәжірибе жинадым. Оны науқастарды емдеу барысында кеңінен пайдалан­дым. Өзім де тың тақырыптар төңірегінде ғылыми еңбектер жаздым. Солардың басын қосып, жеке жинақ етудің сәті енді түсті. Егер осы еңбегім сала мамандарының һәм өз денсаулығына бей-жай қарай алмайтын дүйім халық, мұқым елдің кәдесіне жарап жатса, онда үмітімнің ақталғаны деп білемін, – дейді кітап авторы, белгілі дәрігер Мақсат Әбдіқадырұлы.
       «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана қа­зақ. Сол айтқандай, бұл кітапты оқыған адам кез келген аурудың алдын алуға болатынына көз жеткізеді. Сонымен бірге өздігінен емделудің қауіпсіз жолдарын үйренеді. Тіпті аурудың диагнозын адамның жүзіне, тіліне, көзіне қарап және тамырын ұстап болжауға болатынын автор ғалым ретінде ғылыми негізде дәлелдейді. Ең­бектің ерекше атап өтер тұсы да осында. Бұл ғылыми еңбек ме­дицина саласында оқып жүрген талапкерлерге көп көмегін тигізері хақ.

      http://aikyn.kz/ru/news/show/16690-zhan_a_da_t_nge_de_daua

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті