Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Елбасы елшілердің саны мен сапасын сынға алды

18.11.2015

Елбасы елшілердің саны мен сапасын сынға алды


     Қазақстанның мүддесі бар елде  ғана Елшілік қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

       Елбасы өз сөзінде елімізге инвестиция тарту мәселесімен айналысатын бір адам болуы керектігін, қажет болса, оған арнайы мәртебе беру қажеттігін атап өтті.

      «Сыртқы істер министрлігі онсыз да осымен айналысуы тиіс. Басқа немен айналыспақ? Біз әлемдік саясат пен дипломатияны айқындайтын держава емеспіз», - деді ҚР Президенті.

      Осы ретте Мемлекет басшысы қай елге барсаң да, елшілердің немен айналысатындығын білмейтіндігін сынға алды.

       «Өз істерін, экономиканы тіпті де білмейді. Сондықтан да бағдар мынадай болуы керек. Бұл жайында біз министрлік кездесулерінде, алқа мәжілістерінде айтатын боламыз. Барлық жерде қажет болсын, болмасын елшіліктер негізсіз ұлғайтылған. Министрлікте мұндай елшілер қаншама? Ал біздерге қазіргі уақытта мұның қажеті жоқ. Біздерге қазіргі уақытта Қазақстанның мүддесі бар жерлерде қана өкілдік қажет», - деді Н.Назарбаев.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2840336

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті