Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астанада Табылды Досымның шығармашылық кеші өтеді

19.11.2015

Астанада Табылды Досымның шығармашылық кеші өтеді

     Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымның шығармашылық кештері енді Астана қаласы мен Моңғолия еліндегі қазақтар арасында өз жалғасын табады. Оны Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры Бижан Қалмағамбетов 18-қарашада Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Табылды Досымның 50 жылдығына арналған «Мен Қазақпын» атты шығармашылық кешінде айтты.

         Ақынның  Жоламан Көшкіновтың орындауындағы «Мен Қазақпын», «Сәйгүлікпін» деп арындаған рухты әндерімен басталған бұл кешке тек алматылықтар ғана емес, Қазақстанның әр қиырындағы көптеген өнер сүйер қауым асыға жетіпті. Үш сағатқа жуық тыңдарманы тапжылмай отырып, сағынышқа толы мауқын бір басты. Қорабай Есенов «Қоштасуын» еске алып, Есенбай Құлиев «Солдат сағынышы» мен «Ештеңе де керек емес», «Өмір зая» деп «Биіктіктен» «Ахан серіге»,  «Табылдың әнін» жолдады. Индира Расылхан «Махабатты сезіндіріп», Аллаберген Жақсыбаев «Нүктесін» қойды. Бағлан Әбдірайымов «Өкпелемеші», Сейіл Аяған «Кешіккенің қайткенің» десе Қанат Айтбаев «Қара гүлге» қаратып, Жадыра Арыстанова «Тәтті мұңға» батырды. Роза Әлқожа «Сағыныш белгісін» білдіріп, Табылдың ұлы Абыл Аяш «Бауыржан досқа» әкесінің аманатын жеткізді. 

     Табылдының өз орындауындағы «Астананың аруы», «Қыз махаббаты»,  «Сүйдім мен сені», «Асан қайғыға»  сияқты әндерімен бір сәт қимас сезімге бөленген тыңдарман Болат Әбділмановтың мәнерлеп оқыған өлеңдерін де еске түсірді. Кеш шымылдығы Елена Әбдіхалықованың орындауындағы  «Доспен қоштасу» мен «Қазақ едім дегенше» әндерімен жабылған кезде де дарабозын  сағынған ел зәулім сарайдан қимастықпен қоштасып жатты.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті