Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Т. Балықбаев еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие салаларды атады

19.11.2015

Т. Балықбаев еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие салаларды атады


     Бүгін «Эксперт» сарапшылар клубының кезекті отырысына қатыса отырып, «Қазір қазақстандық білім бəсекеге қабілетті ме?» деген сауал төңірегіндегі пікір алмасуға қатысқан Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев қазір Қазақстанның еңбек нарығында көп  сұранысқа ие салаларды атады.

     «Еңбек нарығында сұранысқа ие  салалар -  машина құрастыру, электр энергетика, тау-кен металлургия саласы, сондай-ақ, тамақ өнеркəсібі мен ақпараттық-коммуникация технологиясы салалары. Міне, біз мемлекеттік гранттарды осы жəне өзге де бағыттарға қарап, бөлеміз. Яғни, мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік грант) біздің экономикамызға, біздің индустриямызға қарай жасалады»,-деп мəлім етті Т.Балықбаев

     Вице-министрдің айтуынша, жалпы, Қазақстанда мектеп түлектарінің 60% жоғары оқу орнына оқуға қабылданады. Осы көрсеткішке  грантта оқитын студенттермен қатар, ақылы негізде білім алатын жастар да қосылып отыр. Оның үстіне, Т.Балықбаев атап өткендей, нарықта сұраныс төмен болса да, экономист жəне заңгер мамандықтарын таңдайтын түлектер көп.

      «Ақылы негізде экономист, заңгер, қаржы мамандығына оқитын жастар көп. Бұл, əрине, əр баланың жəне ата-анасының таңдауы. Дегенмен, біз мемлекеттік тапсырысты еңбек нарығындағы сұранысқа сай қалыптастырамыз», - деді Т.Балықбаев.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2840882

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті