Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұл атындағы дәстүрлі байқау жарияланды

19.11.2015

Спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұл атындағы дәстүрлі байқау жарияланды

    Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын хабарлады.

       Бұл сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық – орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.

       Өтініштер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 үй, 11 қабат, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз-қызметіне («2015 жылғы С. Бердіқұл атындағы байқауға» деген белгімен). Қабылдау мерзімі – 2015 жылдын 5 желтоқсанына дейін.

Үміткерлер 2015 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс:

1. Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.)

2.Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, (спартакиадалар, турнирлер, Ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау.

3.Елімізде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша проблемалар көтеру және оның шешу жолдарын көрсетіп беру.

4. 2016 жылғы Рио-Де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арналған лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер)

5. 2015 жылда шыққан авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.)

       Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төс белгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

         Берілген ақпаратты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (www.sport.gov.kz) және ҚР ҰШКжСР Дирекциясының (www.kazsports.kz) сайттарынан табасыз. Лауреаттардың есімдері ҚР БАҚ-тарында және жоғарыда көрсетілген сайттарда орналасады.

      Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29, 74 08 61

Ұйымдастыру комитеті

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті