Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Нидерландының Роттердам қаласында «Астана» алаңы ашылды

23.11.2015

Нидерландының Роттердам қаласында «Астана» алаңы ашылды

     Голландиялық Роттердам қаласында «Астана» алаңы ашылды деп хабарлайды Хабар агенттігі.

      Аталған алаңның ашылу салтанатына ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі, «ЭКСПО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаев, сондай-ақ, Голландияның мемлекет қайраткерлері, кәсіпкерлері, дипломаттары мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

       «Бұл Нидерландыда тұратын, жұмыс істейтін қазақтардың, сонымен бірге, қазақ елімен экономика және мәдениет сынды түрлі салаларда бірігіп қызмет атқаратын тұлғалар көптен күткен тарихи оқиға болды» деп жазады телеарна.

     Роттердам шаһарының мэрі Ахмет Абуталеб екіжақты әртүрлі келісімшарттар жасасуға, ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, әлемдік тұрақсыздық, этносаралық және дінаралық қақтығыстар болып жатқан кезде мұндай шараның маңызды екендігін атап өтті.

Айта кетейік, Роттердамдағы «Астана» алаңын құру туралы шешім өткен жылдың наурыз айында елбасының Нидерландыға ресми сапары барысында қабылданған еді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті